«Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және даму келешегі» VII халықаралық конференциясы шеңберінде өткен «дөңгелек үстелге» қатысушылар ССП-дағы жұмыстардың қорытындыларын талқылауды «Семей сынақ полигоны бұрынғысынан қарағанда қазір неғұрлым қауіпсіз, оның Қазақстанға және бүкіл әлем қоғамдастығына төндірген тікелей қаупі оқшауланды», - деген қарармен аяқтады.

Ядролық сынақтардың салдарын жоюды бұрынғы ССП объектілерінде Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ-тың мамандарынан тұратын үлкен ұжым 15 жылдан астам уақыт орындап келді. Бұрынғы ССП алаңдарында сенімді қорғаныс тосқауылдары құрылды.

ССП аумағына қатысты таралу және терроризм қаупі проблемаларын болдырмау жөніндегі жұмыстар – халықаралық ынтымақтастықтың бірегей мысалы. Жұмысқа қатысушылар адамзаттың жаһандық проблемаларының бірін шешуге қатысып жатқандықтарын түсінді.

Бірлесіп жұмыс істеген жылдар ішінде үш елдің мамандары әрбір өткізілген операцияда ымыраға келіп шешім қабылдауды үйренді. Бір проблемамен айналысып, оны ойдағыдай шешу үшін дер кезінде ресурстар да, күш-жігер де табылды.

Ең бастысы, ынтымақтастықтың тигізген пайдасы мен ортақ игілікке айналған нәрсе – өзара түсінісе білу тәжірибесі. Бұл – бірегей тәжірибе, бүгінгі күні біздер оның нақты нәтижелерін көріп отырмыз – Семей сынақ полигоны қауіпсіз күйге келтірілді.

ССП үлкен ғылыми зертхана, сондықтан алға ынтымақтастық негізінде ғана шешілетін жаңа тапсырмалар қоюын жалғастыруда. Келесі кездесуді техникалық мәселелерді талқылау жөнінде өткізу ұсынылды.
 

 ҚР ҰЯО