2015 жылғы 8 сәуірде Қазақтан Республикасы Энергетика министрі Владимир Школьник елге ресми сапармен келген БҰҰ-ның Уландырғыш және қауіпті өнімдердің, қалдықтардың заңсыз тасымалы мен көмілуінің адам құқықтарына кері әсері жөніндегі арнайы баяндамашысы Б. Тунчакпен (26.03 - 08.04.2015 аралығында) кездесуі өткізді.
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігінде БҰҰ-ның Арнайы баяндамашысының мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың өкілдерімен сапар қорытындылары бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде Б. Тунчак Қазақстан тарапының өкілдеріне өзінің мемлекет бойынша сапары қорытындылары бойынша мәлімдеді, ҚР Үкіметінің уландырғыш және қауіпті өнімдердің, қалдықтардың адам құқықтарына кері әсерін төмендету жөніндегі қабылдаған іс-шараларға оң баға берді, сондай-ақ алдағы уақытта тексерілетін жеке тұлғалар мен ҰЕҰ-дан келіп түскен өтініштер мен шағымдар алғанын да атап өтті.
БҰҰ-ның Арнайы баяндамашысы Б.Тунчак ресми сапары қорытындылары бойынша баяндаманың алдын ала нұсқасы және баспасөз хабарламасы БҰҰ-ның сайтында жақын арада жарияланатындығын, сондай-ақ, миссия бойынша толық есеп, оның ішінде ҚР адам құқықтары туралы тиісті мінездемелерімен ағымдағы жағдай бойынша кешенді талдау, ү.ж. қыркүйек айында ұсынылатындығын атап өтті.
energo.gov.kz