2018 жылдың 6-8 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Ядролық физика институтына Қытай Ғылым Академиясының Заманауи физика институты (Ланьчжоу қ.) делегациясының профессоры Xiao Guoqing директорының басшылығымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ғалымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылау мақсатында келіп кетті.

Сапар барысында Ядролық физика институтының басшылығы мен жетекші мамандары қатысқан кеңес өтті, онда екі тарап кәсіпорындар қызметінің негізгі бағыттары туралы презентацияларын ұсынды. ІМР өкілдері ЯФИ РМК негізгі ғылыми бөлімшелерінде болды және қазақстандық әріптестермен ядролық физика, радиациялық материалтану, ядролық медицина, технологиялар саласында, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық ғалымдардың бірлескен зерттеу жобаларына қатысуға және де, магистрлер мен PhD докторларды даярлауға қатысты мәселерді талқылады.

Тараптардың талқылау қорытындылары бойынша екі институт арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша Өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға ынтымақтастықтың келесі бағыттары кіреді:
◦эксперименттерді және зерттеу жобаларын бірлесіп орындау;
◦ғылыми-техникалық персоналмен өзара алмасу;
◦ғылыми және техникалық ақпаратпен, сондай-ақ ғылыми жабдықпен өзара алмасу;
◦магистранттармен және PhD докторанттармен алмасу.
 

ЯФИ РМК