Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №617 жарлығымен Ядролық қаруға тыйым салу шарттың жобасы мақұлданды

Келісімнің 1-бабына сәйкес Әрбір қатысушы мемлекет ешқашан және ешқандай жағдайда:

a) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды әзірлемеуге, сынамауға, шығармауға, дайындамауға, өзге де жолмен алмауға, иеленбеуге және жинамауға;

b) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды қайсыбіреуге бермеуге, сондай-ақ осындай қаруды немесе жарылғыш құрылғыларды тікелей де, жанама түрде де бақылауды бермеуге;

c) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды қайсыбіреуден қабылдамауға, сондай-ақ осындай қаруды немесе жарылғыш құрылғыларды тікелей де, жанама түрде де бақылауға алмауға;

d) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды

қолданбауға және оларды қолдану қатерін төндірмеуге;

е) қайсыбіреуге осы Шарт бойынша қатысушы мемлекет үшін тыйым

салынған кез келген әрекетті жүзеге асыруға ешқандай түрде көмек көрсетпеуге, көтермелемеуге және итермелемеуге;

f) қайсыбіреуге осы Шарт бойынша қатысушы мемлекет үшін тыйым

салынған кез келген әрекетті жүзеге асыруға ешқандай түрде көмекке ұмтылмауға және көмекті алмауға;

g) өз аумағында немесе оның юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы кез келген жерде кез келген ядролық қарудың немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғылардың кез келген орналастырылуына, қондырылуына немесе өрістеуіне жол бермеуге міндеттенеді.

Келісімнің екінші бабына сәйкес Әрбір қатысушы мемлекет осы қатысушы мемлекет үшін осы Келісім өз күшіне енгеннен кейін 30 күннен кешіктірмей Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына өтініш ұсынады, онда ол:

a) осы қатысушы мемлекет үшін осы Шарт күшіне енгенге дейін оның меншігінде, иелігінде немесе бақылауында ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғылар болған-болмағандығын және ол ядролық қаруға байланысты барлық объектілерді жоюды немесе қайтымсыз конверсиялауды қоса алғанда, өзінің ядролық қару бағдарламасын жойғандығын-жоймағандығын хабарлайды;

b) 1-баптың (а) тармағына қарамастан, меншігінде, иелігінде немесе бақылауында кез келген ядролық қарудың немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғылардың бар-жоғын хабарлайды;

c) 1-баптың (g) тармағына қарамастан, өз аумағында немесе оның юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы кез келген жерде басқа мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі немесе бақылауындағы кез келген ядролық қару немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғылардың бар-жоғын хабарлайды.
ҚР ЭМ