2015 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті.
Отырыстың жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Отырыс барысында ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің мониторинг жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар мәселер талқыланды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьниктің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В. Божконың баяндамалары тыңдалды.
ҚР Энергетика министрі В. Школьник өз баяндамасында отандық және әлемдік деңгейде климаттың өзгеру мәселесіне тоқталды, гидрометеорологиялық қызметтің – жалпы алғанда климаттық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімді шешімдер қабылдау үшін маңызды және қажетті құрал екенін атап өтті.
Отырыс шеңберінде ұлттық гидрометеорологиялық қызметті мониторингтен өткізу жүйесін жетілдіруге, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен қабылданған стандарттарға сәйкестендіру арқылы саланы техникалық модернизациялауға инвестициялар бөлудің айрықша қажеттілігі жөніндегі бірқатар мәселелер атап өтілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді, сонымен қатар Кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары мен графигі бекітілді.
Nomad.su