2014 жылғы 14 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Канаданың Қазақстандағы Елшісі Шон Стайл 2013 жылғы 13 қарашада Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы ноталармен алмасты. Күшіне енген келісім Қазақстан мен Канада арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамуының жаңа көкжиектеріне жол ашып, технологиялармен алмасуға және ауыл шаруашылығында, өнеркәсiпте, медицинада және энергетикада атом энергиясын пайдалану жөнiндегi бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 

mfa.gov.kz