Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Кепілдіктер департаментінің, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Атом энергиясы институты» филиалының «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Үлбі-ТВС» ЖШС өкілдерінің және Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық өнеркәсібі департаменті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) кепілдіктерін қолдану бойынша жұмыс тобының жыл сайынғы отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстандағы ядролық отын циклын дамытудың әрі қарай жоспарларына қатысты мәселелер, бұрынғы ядролық сынақ полигондарының жұмысына шолып қарау, АЭХА азбайытылған уран Банкінде кепілдіктер бойынша инспекцияларды жүргізу үшін жабдықтарды жіберу мәселелері талқыланды.
Маңызды оқиғаның бірі АЭХА өкілдерінің 2017 жылдың
1 қарашасынан Қазақстан үшін мемлекет деңгейінде кепілдіктерді қолданудың басталғаны туралы мәлімдемесі болды. Осы мәлімдеме Қазақстан Республикасы кепілдіктердің қолданылуын тексерудің барлық қажетті рәсімдерді орындайтындығын растайды, осының негізінде АЭХА Қазақстан Республикасы мәлімдеген ядролық материалдың ауыстыруының болмауы және елдегі мәлімделмеген ядролық материал мен ядролық қызметтің болмауы туралы жасайды.
Қазақстан Республикасындағы АЭХА кепілдіктерін қолдану бойынша жұмыс тобының отырысы жыл сайынғы оқиға болып табылады және өткен мерзімде пайда болған мәселелер мен қиындықтарды талқылауға,
сондай-ақ бірге шешуге және алдағы жылғы жұмыс жоспарын әзірлеуге бағытталған.
ҚР ЭМ