Елімізде 2011-2015 жылдар аралығында мұнай-газ секторынан бөлек, жер қойнауын игеруге 5,3 трлн. теңге инвестиция бағытталды. Оның 140 млрд. теңгеден астамы геологиялық барлау кезінде жұмсалды. Қатты және кең тараған пайдалы қазба байлықтарын, жер асты сулары бойынша жер қойнауын игеруге тартылған инвестиция 49 пайызға өсіп, 1 трлн. теңгеден асты. Қазақстан уран өнеркәсібі бойынша әлемде үздіктер сапында. Осы жылдар аралығында, өндіріс көлемі 28 пайызға өсті. Жалпы әлем бойынша уранның 38 пайызы Қазақстанда өндіріледі.