Үш жылдың iшiнде Қазақстанда пайдалы қазбалар есебi жаңа жүйеге көшеді. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрi Владимир Школьник мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Пайдалы қазбалар есебiнiң халықаралық жүйесiн құру, 47 қадам – бұл «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айқындалған. Пайдалы қазбалардың қорын есептеу үшiн қазiр қолданылатын жүйе барлық қорларды, оларды тиiмдiлiк есебiмен алу мүмкiндiгiн есепке алмайды. Сондықтан, ескi жүйенi биржалар да, халықаралық қаржы институттары да мойындамайды. Тіпті, ескi жүйе мұнай бағасының өзгеруiн де есепке алмайды. Осы орайда, алдағы үш жылдың iшiнде Қазақстанда пайдалы қазбалар есебiнiң жаңа жүйесiне көшу қолға алынбақ», - дедi министр.
BNews.kz