Қазақстан ядролық энергетиканың толыққанды саласын құруға ниетті. Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Біз энергетиканы дамытуды ядролық энергетиканың толыққанды саласын құрумен байланыстырамыз», - деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысының атап өтуінше, еліміздің дәстүрлі энергетикасы көмір, мұнай және газ сынды ресурстарға негізделеді. Дегенмен Қазақстан әлемде уран өндіруден 2-ші орында тұрғандықтан бұл салаға да назар аударып, бүгінде Ресеймен бірлесіп, атом электр стансасын салу мәселесін егжей-тегжейлі қарастыруда. «Қазіргі уақытта біз бұл іспен нақты айналысудамыз», - деді Елбасы.
ҚазАқпарат