2018 жылдың 31 мамырында Алматы қаласында «Қазақстанның ядролық қоғамы» (ҚЯҚ) қауымдастығы құрылуының 25-жылдығына арналған «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. ҚЯҚ құрамына қазір 45 заңды тұлға кіреді, олар 35 000-ға жуық жеке тұлғаларды қамтиды. ҚЯҚ жұмысының мақсаты – Республикамызда өндіріс күштерін дамыту және азаматтардың әл-ауқатын өсіру үшін атом энергиясын пайдалану саласында ауқымды білім алу.

Іс-шараға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК сияқты ҚЯҚ құрамына кіретін және басқа да кәсіпорындардың, сондай-ақ Еуропа Одағы (European Union), WANO, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ISTC), Edlow International Company, МЭТР, Атом-ТМД, МИФИ сияқты және т.б. бірқатар шетел елдерінің ядролық қоғамдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын ашу барысында, Қауымдастық Президенті Владимир Школьник ҚЯҚ 1993 жылы, еліміз күрделі жағдайда болған кезеңде құрылғанын айтып өтті. Қазақстанның ядролық саласын, атом өнеркәсібі кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдардың ұжымдарын сақтап қалу және бейбіт мақсаттағы жұмыстарды қайта бағдарлау қажет болды.

Сол кезеңде Қазақстан ядролық қарудан бас тарту жөніндегі бірмәнді пікірін білдірді. Қазақстанның атом саласының бейбіт сипаты және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға бағытталған тұрлаулы бағдары бүкіл әлемді мойындатты, бұл Вашингтон және Сеул қалаларында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит, БҰҰ Бас Ассамблеясы сияқты және т.б. халықаралық форумдарда бірнеше рет аталып өтті.

2018 жылдың 1 маусымында іс-шара қатысушылары үшін «Ядролық физика институты» РМК-ға техникалық тур өткізілді. Тур шеңберінде қонақтар ССР-Қ реакторында, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында, Кешенді экологиялық зерттеулер орталығында болып қайтты.
 

ЯФИ