Қазақстанда атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар айқындалды. Бұл жөнінде тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойды.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет Үйі, 2015 жылғы 23 сәуір №274
Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиарды айқындау туралы
Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиарды айқындау туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып белгіленсін.
2. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 611-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
ҚазАқпарат