Бұл туралы бүгiн Астанада өтiп жатқан Қазақстан-Франция бизнес форумында ҚР Энергетика вице-министрi Бақытжан Жақсалиев мәлiм еттi.
"Бiз екi атом электр стансасын салуды жоспарлаудамыз. Үлкен үкiметтiк комиссия құрылып, олардың орналасуына тиiмдi үш жердi анықтап бердi. Солардың iшiнен екi жер таңдалып алынды. Осы жылы атом электр стансасын салуда қыруар тәжiрибесi бар халықаралық компаниялармен келiссөздер жүргiзiлiп, олардың технологияларын тарту бойынша талқылаулар болды. Олардың мүмкiн болар орындары Шығыс Қазақстанда бұрынғы Семей полигонында, Курчатов қаласының маңында және Балқаш көлi маңайында. Қазiр жұмыстар жалғасуда. Таяудағы 2-3 жылда халықаралық сарапшыларды тарта отырып, атом стансаларының құрылысы жайында түбегейлi шешiм қабылдаймыз және жұмыс әрі қарай атқарылады", - дедi ол. 
 

ҚазАқпарат