2016 жылдың 14 маусымы мен 18 маусымы аралығында БЯЗИ 60 жылдығына және Ядролық физика институты Астана филиалының ДЦ-60 ауыр иондар үдеткішінің іске қосылғанының 10 жылдығына арналған «Қазақстандағы БЯЗИ күндері» халықаралық кеңесі болып өтті, осы үдеткішті құруда БЯЗИ мамандары елеулі үлес қосты.

«Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық ұйымы (БЯЗИ) (Дубна қ, Мәскеу обл., РФ) –1956 жылдың 26 наурызында он бір құрылтайшы-ел қол қойған Келісім негізінде құрылған халықаралық үкіметаралық ғылыми-зерттеу ұйымы. Қазіргі уақытта 18 мемлекет пен 6 қауымдастырылған мүше-мемлекет БЯЗИ Мүшелері болып табылады.

Іс-шараның ашылуында ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депудаттары, директор В.А. Матвеевтың басшылығымен БЯЗИ 14 өкілі, Қазақстанмен қатар БЯЗИ құрылтайшы-елдері болып табылатын тоғыз мемлекеттің: Вьетнам, Грузия, Куба, Словакия, Ресей, Чехия, Украина, Румыния және Польшаның төтенше және өкiлеттi елшiлері, ЯФИ РМК, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Назарбаев Университетінің жетекші ғалымдары, сонымен бірге «Росатом» Мемкорпорациясының және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ өкілдері қатысты.

Кеңесті Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.М.Жақсалиев ашты. БЯЗИ директоры В.А.Матвеев пен ЯФИ РМК бас директоры С.Қ.Сахиев өз ұйымдарындағы ядролық ғылым және техниканың даму стратегиялары мен келешектері жөнінде баяндама жасады.

ЯФИ РМК бас директоры С.Қ. Сахиев БЯЗИ делегация мүшелері: БЯЗИ директоры В.А. Матвеевке, БЯЗИ вице-директоры М.Г. Иткиске, БЯЗИ ЯРЗ директоры С.Н.Дмитриевке және БЯЗИ ХББ бастығы Д.В.Каманинге «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет белгілерін табыстады.

Кеңес барысында БЯЗИ директорлары мен зертханалары жетекші мамандарының, сондай-ақ ЯФИ РМК бас директоры орынбасарларының ұйымдардың ғылыми жетістіктері туралы баяндамалары тыңдалды, БЯЗИ қазақстандық ғылыми ұйымдармен және жетекші университеттермен ынтымақтастығының алдағы перспективалары талқыланды.

Кеңеске қатысушылар ЯФИ РМК Астана филиалында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының ауруханасы» РМК, «NazarbayevUniversityResearchandInnovationSystem» жеке мекемесінде, Республикалық диагностикалық орталығы «UniversityMedicalCenter» корпоративтік қорының филиалында болып қайтты. Бурабайда «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасы мектеп олимпиадаларының жүлдегерлерімен кездесіп, ядролық ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері туралы, сондай-ақ БЯЗИ мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқу бағдарламалары туралы айтып берді.
 

ЯФИ