Бүгін «Astana Solar» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) базасында «Жасыл» экономика: қуат тиімділігі және қуат үнемділігі» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренинг басталды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі мен «Жасыл Академия» ғылыми-ағарту орталығы бірлесе ұйымдастырды. Семинар-тренинг «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы энергетикалық және инвестициялық компаниялардың, солардың қатарында «Astana Solar» ЖШС, «KEGOK» АҚ, «Samruk-Green Energy» АҚ, «Самрук-Казына Invest» АҚ, т.б. басшылары мен қызметкерлері үшін өткізіліп отыр. Семинар жұмысына сондай-ақ жаңартылатын энергетика кәсіпорындары үшін бөлшектер және жабдықтар шығаратын шетелдік өндірісшілердің өкілдері де қатысуда. Қатысушыларды ҚР Қоршаған орта қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы м.а. Камен Величков және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьник құттықтады. Отандық жаңартылатын қуат көздерін (ЖҚК) өндірушілерді қолдау, экономиканың осы секторына инвесторлар тарту мәселелері және энергоменеджменттің әлемдік тәжірибелері тренингтің шешуші тақырыптарына айналды. Ұлттық атом компаниясының басшысы атап көрсеткендей, электрге болған әлемдік өскелең сұранысқа және қазбалы шикізаттың қоры қарқынмен сарқылып бара жатқанына байланысты жаңартылатын қуат көздерінің маңызы артып келеді. Владимир Школьник Қазақстандағы күн, жел және геотермалды энергетикалық жобаларға мемлекеттік қолдауды дамыту қажеттігіне тоқталды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының айтуынша, басты міндеттердің бірі отандық өндірісшілер мен тұтынушыларды экономикалық тұрғыдан ынталандыру, соның ішінде ЖҚК-нің дамушы нарығын мемлекеттік субсидиялау болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ЖҚК өндірісі бойынша өнеркәсіп дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі ұшан-теңіз.

astanasolar.kz