«Қазатомөнеркәсіп» АҚШ, Еуропа, Қытай нарығына қатысуды күшейтеді. Бұл туралы АҚШ-та өткен Атом өнеркәсібі саммитінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК төрағасы Асқар Жұмағалиев айтты.
«Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп» өз қызметін жетілдіру және АҚШ, Еуропа, Қытайдағы біздің әріптестер үшін жоғары дәрежеде клиенттік қызмет көрсету мақсатында жаһандық маркетинг жүйесі мен сатылымды қайта құрылымдауда. Бұл үдерістің басты элементі Швейцарияда трейдингтік компания құру болып табылады. Ол сату икемділігін құрып, әлеуетті мәмілелерге ден қою уақытын жеделдетеді. АҚШ-та бұл үдеріс ағымдағы өкілдікті жойып, оның функциясын жаңа құрылым аясында толыққанды «еншілес» заңды тұлғаларға беруден көрінетін болады.
«Қазатомөнеркәсіптің» даму жоспарларына жауап бере отырып, Басқарма төрағасы қысқа мерзімді кезеңде негізгі міндеттер - өзгеріс бағдарламасын енгізу, ұсынылатын өнім спектрін кеңейту, өндірісті әртараптандыру екенін мәлім етті.
«Біз ұнтақ пен таблетка өндіріп жатырмыз, таяуда қытайлық әріптестермен бірлескен компания құрамыз, ол ҚХР реакторлары үшін отындық жинақ өндірумен айналысады. Таяуда жетекші конверсиялық қызмет - ConverDyn компаниясымен келісімге қол қойылды. Онымен бірге бірлескен UF6 өнімін нарыққа ұсынуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Сондай-ақ, бүгінде компания өндірісті кеңейтіп, өндіру көлемін ұлғайтуды жоспарламайтыны белгілі болды. Қазіргі уақытта нарыққа қосымша жеткізу оны қалпына келтіруде мерзімін ұзартуға алып келер еді. Компанияны одан әрі дамыту өндіру және сатуды әртараптандырумен көбірек байланысты.
Жұмағалиев сондай-ақ қордың жоғары сапасы мен рентабельді өндіру жүйесі Қазатомөнеркәсіпке уранға төмен баға белгіленген қазіргі кезде де тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретінін қосты.
ҚазАқпарат