Қазатомөнеркәсіп «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» МК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін сатуды жоспарлауда
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» МК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесі пакетін сатуды жоспарлағанын хабарлайды.
Конкурстық құжаттамалар мен екі кезеңдік ашық конкурстың хабарламасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (www.kazatomprom.kz) веб-порталында орналастырылған. Үш компанияның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесі үшін сұралатын бастапқы баға төрт миллиард сегіз жүз үш миллион бес жүз тоқсан жеті мың теңгені құрайды.
Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі Комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
Ашық екі кезеңдік конкурс 2017 жылғы 23 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 12.00-де аяқталады.
«Astana Solar» ЖШС – жылдық өндірістік қуаты 50 МВт-тан 100 МВт-қа дейін ұлғайту мүмкіндігіне ие фотоэлектрлі модульдер шығаратын қазіргі заманғы зауыт.
«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС – жобалық қуаты жылына 60 МВт-қа ие ПҚК 16%-дан кем болмаған мультикристалды кремний пластиналары мен фотоэлектрлі ұяшықтар өндіретін зауыт.
«KazSilicon» МК» ЖШС – жобалық қуаты жылына 10 000 тонна өнім өндіруге және жобалық қуаты жылына 3 200 тонналық металлургиялық кремний өндірісіне ие, қуатталған қоры 1,74 млн тонна желілік кварцқа тең Сарыкөл кен орны.
Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында бейінді емес активтерден арылу және компания қызметін тікелей атом саласына бағыттау мақсатында жүзеге асырылуда.
Қазатомөнеркәсіп