«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Каустик» АҚ-дағы 40% акциялар пакетін сату жоспары жайлы хабарлайды.
Конкурстық құжаттамалар мен екі кезеңдік ашық конкурстың хабарламасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (www.kazatomprom.kz) веб-порталында орналастырылған. 40% акциялар пакеті үшін сұралатын бастапқы баға жеті миллиард төрт жүз қырық миллион теңгені құрайды.
Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі Комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
Ашық екі кезеңдік конкурсқа өтінімдер қабылдау 2017 жылғы 25 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.
«Каустик» АҚ – қолданыстағы барлық қазақстандық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи химия өндірісі. Кәсіпорын каустикалық сода (30 мың т/ж), сұйық хлор (26 мың т/ж), тұз қышқылын (45 мың т/ж), сондай-ақ натрийдың техникалық гипохлоритын (6,6 мың т/ж) шығарады. Зауыт өнімдері экономиканың көптеген салаларында: мұнай, химия, медицина, тамақ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия және т.б. қолданылады.
Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында бейінді емес активтерден арылу және компания қызметін тікелей атом саласына бағыттау мақсатында жүзеге асырылуда.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ