Бүгін, 15-мамыр күні, Астана қаласында «Самрұқ-Қазына» АҚ тобына кіретін кәіспорындарда жұмыс істейтін еңбек әулеттеріне құрмет көрсету салтанаты өтеді. Қазатомөнеркәсіп Ұлттық атом компаниясы атынан іс-шараға «Үлбі металлургия зауыты» АҚ («ҮМЗ» АҚ) шыққан Әбубәкіровтар әулеті қатысады. Әулет негізін қалаушы Әбубәкіров Нұрмукарам Нұрахметұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері, «ҮМЗ» АҚ-да 1949-1969 жылдары еңбек еткен. Өзінің 20 жылдық еңбек өтілінде ол бірнеше мәрте зауыт басшылығының алғысына бөленген. Айтулы отбасылық дәстүрді жалғастырып, Үлбі металлургия зауытында ағайынды Әбубәкіровтар: Рафик пен Мирхойдар еңбек еткен. Әулетке ерекше құрмет пен бедел әкелген оның негізін қалаушы Нұрмукарам Әбубәкіровтің ұлы Тауфик Нұрмукарамұлы.Үлбі зауытында ол 47 жыл еңбек етіп, «ҮМЗ-ге еңбегі сіңген жұмыскер», «РФ атом энергетикасы және өнеркәсібінің ардагері», 1 дәрежелі «ҚР атом саласына еңбегі сіңген жұмыскер», «100-мыңдық – жаңашыл» атағына ие болған, «Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі» қола медалімен марапатталған, оның есімі зауыттың «Құрмет кітабі» беттеріне жазылған. Еңбек кітапшасында 80-нен астам мадақтау жазбалары бар. Аға буын еңбегімен жинақталған мол тәжірибені жалғастырушы болып әулет басшысының немересі - Вячеслав Әбубәкіров, ҮМЗ уран өндірісінің газдан тазалау және ауа жаңарту шебері. Оның есімі уран өндірісінің Құрмет галереясына енгізілген. Әбубәкіровтер отбасының немерелерін, келіндерін, немере жиендерін қосқанда жалпы 10 адам өз тағдырын Үлбі металлургия зауытымен байланыстырған. Әбубәкіровтер әулетінің жалпы еңбек өтілі – 212 жылдан асып жығылады.
 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ