«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да компанияның 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясындағы өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету жөніндегі үздік ұсыныстарға жарияланған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жыл басынан бері ұлттық атом компаниясы тобындағы кәсіпорындардың қызметкерлерінен 198 өтінім келіп түсті. Солардан 137 өтінімді (ішінде 12 өнертабыс бар) Сараптамалық комиссия қарап шықты.

Ұсынылған еңбектердің басым бөлігі – уран өндіру және оны өңдеу саласындағы өнертапқыштық ұсыныстар. Идеялар уран өндірісінде қолданылатын химиялық реагенттер, материалдар мен энергия ресурстарының шығынын азайтуға бағытталған. Бұдан бөлек, жаңғырту, қызмет көрсету мерзімі ұзартылған арзандау және энергияны аз жұмсайтын агрегаттарға алмастыру, дербес жөндеуден кейін негізгі бөлшектерді қайталап пайдалану арқылы жабдықтардың қызмет мерзімін ұзартуға қатысты ұсыныстар да көптеп түсті.

Сараптау нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

«Үздік өнертапқыштық ұсыныс» аталымында

1-орын – Александр Билык, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

2-орын – Алексей Матунов, «Ақбастау» БК» АҚ

3-орын – Руслан Батиев, «Қаратау» ЖШС

 

«Үздік өнертабыс» аталымында

1-орын – Михаил Лексин, «ЖТИ» ЖШС

2-орын – Владимир Шаванда, «КБ-6» ЖШС

3-орын – Вячеслав Апенькин, «ҮМЗ» АҚ-ның «Машзауыт» ЖШС

 

«Экология және ҚОҚ жөніндегі үздік ұсыныс» аталымында

Дмитрий Слободин, «ҮМЗ» АҚ

 

«Үздік идеялар» аталымында

Сәрсен Молдахметов, «Инкай» БК» ЖШС

Әнуар Төленов, «Орталық» ӨК» ЖШС

Антон Кононов, «ЖТИ» ЖШС

 

«Үздік шығармашылық ұжым» аталымында

1-орын – «Әппақ» ЖШС

2-орын – «Заречное» БК» АҚ

3-орын – «Семізбай-U» ЖШС

 

 

 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазатомөнеркәсіптің 20 жылдығы құрметіне ақшалай сыйақы және естелік сыйлықтар тапсырылды.
 

Қазатомөнеркәсіп