Бұл туралы бүгін Жаңғырту және бизнесті трансформациялау жөніндегі кеңестің отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеевке үстіміздегі жылғы трансформация жол картасының негізгі нәтижелерін таныстырған компания басшысы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
«Бенчмаркинг өткізе, өзімізді бәсекелестермен салыстыра отырып, біз осал тұстарымызды анықтадық және оларды күшейте бастадық. Қазатомөнеркәсіп қызметінің тиімділігін арттыру үшін біз нақты кешенді шаралар қабылдап, жобалар қоржынын қалыптастырдық, оларды іске асыру 2025 жылға қарай 130 млрд теңгеден астам мөлшерде экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп әңгімеледі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.
Қысқа мерзім ішінде ұлттық атом компаниясының өндірістік-қаржылық оң көрсеткіштерін сақтап қана қоймастан, олардың қарқынды өсуін қамтамасыз еткен жобалар жүзеге асырылды. Компанияда өндірісті автоматтандыру үдерісі белсенді жүргізілуде, «Жағдаяттық орталық» және «Санды кеніш» ақпараттық жүйесі пайдалануға тапсырылды, трейдинг компаниясы тіркеуден өтті, Қытай мен Ресейдегі шетелдік өкілдіктер оңтайландырылды. Бүгінге дейін 26 бейінді емес актив шығарылып, бұған қоса тағы 8-ін үстіміздегі жыл соңына дейін іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар, 13 кәсіпорынның кеңселері уран өндіруші өңірлерге қоныс аударылды, компанияда жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) өндіретін зауыт құрылысына дайындық басталды.
Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев бұл нәтижелердің бәріне Қазатомөнеркәсіп ұжымының кәсіби білігінің арқасында қол жеткенін атап көрсетті. Қызметкерлердің лайықты еңбек жағдайы мен жалақысын қамтамасыз ету, олардың лауазымдық өсуіне мүмкіндік жасау трансформация бағдарламасын іске асырудың шешуші элементтері болып қала бермек.
Айта кетерлік жәйт, трансформацияның дайындық кезеңінде әзірленген барлық бастамалар мен үдерістер жобалар қоржынына енгізіліп, жақын жылдарда іске асырылатын болады.
Қазатомөнеркәсіпті инвестициялар мен сатып алуларды басқару, комммерциялық қызметтерді күшейту, ұйымдық құрылымдағы жаңалықтар, үдерістерді автоматтандыру ісінде ірі өзгерістер күтіп тұр. Мысалға, тауар, жұмыс және қызметтер жеткізіп беруді бір орталықтандыру және оның ашықтығын қамтамасыз ету үшін сатып алулардың жаңа үлгісі енгізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру компанияға алдағы жылдары 34 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, қоржынға 26 жоба енгізілген. Олар 2018 жыл соңына дейін іске асырылып, 2025 жылға қарай Қазатомөнеркәсіпке 130 млрд теңге мөлшерінде экономикалық тиімділік әкелуі көзделген. Бұл сома аталмыш жобаларды іске асыруға кеткен шығындардан 10 есе артық.
Қазатомөнеркәсіп