Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Трансформациялау: көшбасшылықты нығайту жолы» тақырыбындағы Ақпараттық күні өтті.
Ақпараттық күн қол жеткен нәтижелерді еркін талқылау форматында өтті және компанияның: қауіпсіздік, жауапкершілік, даму, кәсібилік, команда корпоративтік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталды.
Іс-шараға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компанияларының және Орталық трансформациялау командасының («Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС) өкілдері қатысты. Қазатомөнеркәсіптің еншілес компанияларының қатардағы қызметкерлеріне ерекше екпін жасалды – олар шақырылған үш жүз қатысушының жартысынан көп бөлігін құрады.
- Біздің әлемімізде барлығы да тез өзгеруде. Сала көшбасшысы, табысты компания болу үшін үнемі даму қажет. Трансформациялаудың біздің жақсы жаққа қарай өзгеруімізге және дамудың сапалық жаңа сатысына шығуымызға көмектесетіндігіне сенімдімін, - деп атап өтті өзінің алғысөзінде ұлттық компания Басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Сонымен қатар басқарма төрағасы әр қызметкердің дамуының қажеттілігін және өзгерістерде менеджментке әрбір адамды тартудың маңыздылығын межелеп көрсетті.
Ақпараттық күннің негізгі спикерлері трансформациялау жобаларының басшылары болды.
Іс-шараға қатысушылар кешендік қауіпсіздікті басқару, берекелі өндіріс, сатып алуды санаттық басқару, HR, цифровизациялау және автоматтандыру сұрақтарын талқылады.
- Өткен жарты жыл ішінде Қазатомөнеркәсіпте трансформациялау жобаларының портфелі актуалдандырылды. Корпоративтік орталықта және «Казатомпром-SaUran» ЖШС-інде сынақтық пайдалануға SAP жүйесі енгізілді, еншілес кәсіпорындарда берекелі өндіріс жобасы бастау алды, корпоративтік мәдениетті дамыту шеңберінде компанияның құндылықтары бекітілді.
Санаттық сатып алу компанияны сатып алу процестерін басқарудың таңдаулы әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін анағұрлым жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді, - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Трансформация және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры Бексұлтан Бекмұратов.
Іс-шара барысында жобалық командалардың үздік шыққан өкілдері ұлттық атом компаниясы басқарма төрағасының алғыс хатымен марапатталды. «Берекелі өндіріс қағидаттарын енгізу» жобасы бойынша көшпелі кубок жарияланды, ол тоқсан сайын осы сала бойынша таңдаулы кәсіпорынға тапсырылатын болады. Алғашқы болып «Семізбай-U» ЖШС марапатталды.
Ақпараттық күн соңында холдинг қызметкерлеріне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік құндылықтарының логотипі көрсетілді және оның авторы - «Семізбай-U» ЖШС геотехнологиялық бөлімінің басшысы Әлия Өмірәлиева марапатталды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ