«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Қаппаров Алматы облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Ұлттық атом компаниясының басшысы Н.Қаппаров пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «KazSilicon» металлургия комбинатында болып, кремний өндірудің технологиясымен және жұмысшылардың еңбек жағдайларымен танысты. Кәсіпорында жүргізілген жаңғырту мен жабдықтарды қайта құру жұмыстары өнімнің өзіндік құнын азайтуға және атмосфераға газ шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік берді. «KazSilicon» МК» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жобалық қуаты жылына 5000 тонна металлургиялық кремний өндіретін еншілес кәсіпорны болып табылады. Шикізат ретінде Сарыкөл кен орнының желілік кварцы пайдаланылады. «KazSilicon» МК» ЖШС «KAZ PV» жобасының тізбегіне кіреді. Кремний күн модельдері үшін бастапқы өнім болып табылады.
Сондай-ақ, қарашаның 3-нен 7-не дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасында болды. Сапар барысында Н.Қаппаров ҚХР Атом энергиясы басқармасының (CAEA) директоры Сюй Дачжэмен (Xu Dazhe), Қытай мемлекеттік ядролық корпорациясы басқармасының (CNNC) төрағасы Сун Чинмен (Sun Qin) және Қытай бас ядролық-энергетикалық корпорациясының (CGNPC) бас директоры Чжан Шанминмен (Zhang Shanming) кездесіп, Шеньжэнь қаласындағы Дайя Бэй атом электр станциясында болды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ