«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев компания ұжымына экономика және қаржы жөніндегі жаңа бас директор Мейіржан Юсуповты таныстырды.

Мейіржан Юсупов Middle East Technical University «экономика және басқару» мамандығы бойынша бітіріп, Лондон экономика мектебінде («Болашақ» бағдарламасымен) экономикалық дамуды басқару бойынша магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ, Гарвард университеті Дж. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің магистрі дәрежесіне ие.

Мейіржан Юсупов әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеп, «Демир Қазақстан Банк» АҚ корпоративтік қатынастар департаменті директорының орынбасары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің менеджері, кейін бас менеджері, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік қаржы және қазыналық департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Айдар Арифханов Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған болатын.
 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ