2014 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 5,7 мың тонна көлемінде уран өндірілді, бұл жоспарлық көрсеткіштерге толығымен сәйкес келеді.Еншілес және бағынышты кәсіпорындардағы үлестерін қоса есептегенде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2014 жылғы III тоқсанда өндірген уран көлемі 3,16 мың тоннаны құрады.«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2014 жылдың III тоқсанында 430,4 тонна бериллий өнімдерін, 17,6 тонна тантал өнімдерін өндірді. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де 2014 жылдың шілде-қыркүйек айларында Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін 3 140 млн кВт*сағат электр энергиясын, 578 ГКал жылу энергиясын, 102,6 млн текше метр су, соның ішінде 7,4 млн текше метр ауыз су өндірілді. Бұл көрсеткіштер өңірдің қуат ресурстары мен суға болған қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті.«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның даму бағдарламасына сәйкес үшінші тоқсанда Компания қызметінің стратегиялық бағыттары саналатын конверсия, байыту және ядролық отын өндірісі салаларындағы жұмыстар одан әрі жалғасты.«Уран байыту орталығы» ЖАҚ есепті кезеңде 2 192 119 ЕРР (бөлу жұмысының бірлігі) көлеміндегі дайын өнімдерін жөнелтті.«SARECO» БК» ЖШС III тоқсанда 82 тонна сирек жер металдардың ұжымдық концентратын шығарды. Дайын өнімдер Ресейдегі тұтынушыларға жөнелтіліп, енді Жапонияға жеткізіп беруді бастау жоспарлануда.«Astana Solar» ЖШС үшінші тоқсанда 21 993 панель шығарды, бұл 5,45 МВт энергияға сәйкес келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ