5 маусым күні «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьник Қордың Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев басшылығында өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының инвестициялық жобаларды іске асыруына арналған отырысына қатысты. Ұлттық атом компаниясының басшысы хабарлағандай, 2010-2013 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалпы сомасы 6,3 млн көлеміндегі жобаларды іске асырған. Ұлттық атом компаниясының ең ірі инвестициялық жобасы «Уран байыту орталығы» ЖАҚ қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорнының «Уральск электрохимиялық комбинаты» ААҚ-ның 25% +1 акцияларын сатып алуы болды. 2013 жылы аяқталған бұл мәміле ядролық отын циклының барынша жоғары бөлісіне қатысу жолымен бизнесті әртараптандыру жөніндегі Қазатомөнеркәсіптің стратегиялық мақсаттарын іске асырудағы маңызды кезең саналады. Байытылған уранды тұтынушыларға жеткізіп беруден түскен алғашқы табыстарға 2013 жылдың өзінде қол жеткізілді. Коммерциялық кіріс қазақстан-ресей бірлескен уран өндіруші кәсіпорындардағы табыспен барабар. 2010 жылы Қазатомөнеркәсіптің елімізде қазақстандық кремний негізіндегі фотоэлектрлі модульдер өндірісін құру жобасына старт берілді. Жоба KazPV деген атау алды. Ол Сарыкөл кен орнындағы айрықша таза кесек кварцты өндіру және өңдеуді, Алматы облысының Үштөбе кентінде металлургиялық кремний өндіру және оны үздік сапаға дейін тазартуды қамтиды. Қайта өңдеудің келесі сатысы ШҚО Өскемен қаласында өтеді. Мұнда фотоэлектрлі пластиналар мен ұяшықтар жасалады. Фотоэлектрлі модульдер шығарудың соңғы кезеңі Астана қаласындағы «Астана Солар» ЖШС зауытында жалғасады. 2014 жылы зауыт өнімдері әлемдік нарық үшін сәтті сертификатталды. 2013 жылы Қазақстандағы қуаты 0,5 МВт-тық алғашқы күн стансасы Қызылорда облысында пайдалануға берілді, 2014 жылы қазақстандық күн панельдері қолданылынатын 7 күн энергия стансасы салынатын болады. 1 Вт белгіленген қуаттың құны АҚШ долларынан аспайды. Қазақстандық күн модульдері мен өңделген кварц өнімдерін шетелдік нарыққа шығару бойынша келіссөздер одан әрі жүргізілуде. 2013 жылы «Каустик» АҚ-ның 40% акциясын сатып алу жөніндегі мәміле іске асты. Жоба Қазақстанның инвестицияық стратегиялық жобалары тізіміне енген. Қазатомөнеркәсіптің қолдауымен кәсіпорында хлор және каустикалық сода өндірісін ұлғайту жоспарланған. Өндірілетін өнімнің әлеуетті сатып алушылары Қазақстанның уран өндіруші және металлургиялық кәсіпорындары болмақ. Болашақта өнімдерді көрші елдердің нарығына шығаруды ұйымдастыру да көзделген. Жапондық ірі корпорация Sumitomo-мен ынтымақтастық сирек жер металдардың ұжымдық концентраттары мен жекелеген құрамаларының тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру бойынша жаңа жобаны - «SARECO» БК іске асыруға мүмкіндік берді. Кәсіпорын алғашқы өнімін өндіріп, оны түпкілікті тұтынушыларға жеткізіп беруге келісімшарттар жасалды. Қазатомөнеркәсіптің бесінші инвестциялық жобасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы үшін корпоративтік телекоммуникациялар желісін ұйымдастыру болды. Өндіріс көлемінің артуы, уран өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшылық, жобалардың үлкен географиялық ауқымы, оған қоса кибер қауіпсіздікті арттыру талаптары – осының бәрі Қазатомөнеркәсіптен кез келген трафикті: дауыс, деректер, бейнені бере алатын өз санды арналарын жасауды талап етті. Бас аяғы бір жыл ішінде, 2013-2013 жылы магистральды талшықты оптикалық байланыс тармақтары тартылып, атом компаниясының еліміздің оңтүстігіндегі кен орындары мен кәсіпорындарын жалғап берді. Сыймдылығы 24 оптикалық талшыққа ие жалпы көлемі 628332 шақырымдық кабель тартылды. Жаңа желі өз жарақтану және мүмкіндіктер деңгейіне қарай телекомуникация саласындағы заманауи нормативтер мен стандарттардың қатаң талаптарына толық жауап бере алады. Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны «Байланыс ҰАК» ЖШС осы кабель астындағы жерден пайдалану құқын да алды – бұл компаниядағы қауіпсіз байланыс қызметі үшін зор жетістік.


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ