Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен ConverDyn компаниясының президенті Малкольм Критчли Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған құжат әлемдегі ірі уран өндіруші мен конверсиялық қызметтегі жетекші провайдердің ядролық отын циклында байыту үшін шикізат болып табылатын UF6 гексафторид түріндегі уранды ғаламдық нарық үшін бірлесе ұсынуды қалыптастыру мақсатындағы серіктестігін көздейді.
Саладағы екі көшбасшының шоғырлануы атом өнеркәсібі үшін бәсекеге қабілетті және сенімді интеграцияланған UF6 көзін қамтамасыз етеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлімдегеніндей: «Қазатомөнеркәсіп пен ConverDyn арасындағы қол қойылған келісім екі компанияны жаңа деңгейге көтереді. Мүмкіндіктерді біріктіру қос компанияға да дивиденд әкеледі. Нақтырағы, Қазатомөнеркәсіп үшін қосымша интеграцияланған ұсыныстар арқылы жаңа нарықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді».
Өз кезегінде ConverDyn компаниясының президенті Малкольм Критчли: «Қазатомөнеркәсіп пен ConverDyn мүмкіндіктері мен мақсаттары ұқсас және олар бірін бірі толықтыра түседі. Қазатомөнеркәсіп – әлемдік ірі табиғи уран өндіруші және Метрополистегі конверсиялық зауытқа уран концентратын ірі жеткізіп беруші ретінде ConverDyn үшін табиғи әрі стратегиялық таңдау. Мүмкіндіктерімізді біріктіру арқылы біз клиенттерімізге жеткізіп беру нұсқаларын ұлғайтатын боламыз», - деді.
Тараптар конверсия нарығындағы Kazatomprom-ConverDyn бірлескен ұсынысы таяу уақытта пайда болатынын хабарлады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ