015 жылғы 8 желтоқсанда Парижде (Француз Республикасы) ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрі Андрей Ковкутомен кездесті. Кездесу барысында қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы білім мен тәжірибемен өзара тиімді алмасу, климаттың өзгеру мәселелері бойынша зерттеу әдістері, гидрометеорологиялық қызмет, геология және ДСҰ-ға кіру мәселелері талқыланды.

2015 жылғы 9 желтоқсанда ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен «Болашақ қуаты» форумына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Форумның ұйымдастырушылары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және ҚР-ң Франциядағы елшілігімен бірлесе отырып, Назарбаев Университет болды. Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес те құттықтау сөзін жолдады.

Форум БҰҰ Климаттық конференциясымен (СОР21) қатар өткізіліп, энергетика саласындағы сарапшыларды, ірі саясаткерлерді, кәсіпорынары басшыларын, Нобель сыйлығының лауреаттары мен басқа да көрнекті ғалымдар мен экономисттерді біріктірді.

Сонымен бірге а.ж. 9 желтоқсанында ҚР Энергетика министрінің АҚШ энергетика министрі Эрнест Монизбен екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі