Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартын іске асыру бойынша бақылауды күшейту үдерісіне мүліктей салым бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің еліміз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қойған алғашқы елдердің бірі болды. Шарт 1996 жылғы 26 қыркүйекте қол қою үшін ашылды, ал Қазақстан Республикасы 30 қыркүйекте оған қол қойды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан ядролық қарусыз әлемді нығайту мен ядролық қаруды таратпауды дәйекті түрде қолдайды. Бұл бағытта Қазақстан мен Канаданың бірлескен күш-жігері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына сәйкес келеді», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев. «Бұл станция ядролық сынақтардың нәтижесінде пайда болған атмосфераға радиоактивті шығарындыларды анықтау бойынша Шарттың әлеуетін нығайтуға көмектеседі. Мысалы, жақында Солтүстік Кореяда өткізілгені», - өз кезегінде Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николя Бруссо түсіндірді.

Станция ядролық сынақтардың нәтижесінде пайда болған радиоактивті инертті газдардың белгілерін бақылау бойынша аймақтағы ауа мониторингін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтуға ықпал ететін болады деп күтілуде. Станцияны Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы басқарады.

ҚР ЭМ