Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысы өтті.

Үкіметаралық комиссияны қазақстандық тараптан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ресейлік тараптан – РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов басқарады.

Отырыс барысында екі жақты ынтымақтастық, оның ішінде отын-энергетикалық кешен, өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік, ауыл шаруашылығы және халық көші-қоны саласындағы мәселелердің кең ауқымы талқыланды. Сондай-ақ, Комиссия Қазақстанның ДСҰ-на қосылуы бойынша келіссөз үдерісінің барысы мен еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін қарады.

Тараптар өзара тиімді серіктестікті, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестікті күшейту үшін айтарлықтай әлеуетті атап өтті.

Талқылау қортындысы бойынша қазақстандық-ресейлік Үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысының Хаттамасына қол қойылды.

www.primeminister.kz