2015 жылғы 14 мамырда «Алтай» технопаркінде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен Инновациялар мен жаңа технологиялар жөніндегі Шығыс-Қазақстан облыстық Кеңесінің отырысы болып өтті.
Отырыс басталғанға дейін Шығыс Қазақстанның ғылыми әлеуетінің инновациялық идеяларының тұсаукесер-көрмесі жұмыс істеді, онда ҚР Ұлттық ядролық орталығының «КТМ Токамагының термоядролық синтездеу қондырғысын құру» инновациялық жобасы ұсынылды.
Кеңес отырысында ҚР ҰЯО РМК бас директоры Ерлан Ғаділетұлы Батырбеков сөз сөйледі:
- КТМ Токамагы бүгінгі күні әлемдік ғылыми қоғамдастықтың сұранысына ие, жоба «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесінің жарқын да көрнекі объектісі болмақ. КТМ қондырғысы басқарылатын термоядролық синтезді адамзаттың игеруі бағдарламасы шеңберіндегі міндеттердің кең көлемін шешуге мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен материалтанушылық міндеттер деуге болады. Бұл - бірегей конструкторлық шешімдер, мысалы, ұзақ өмір сүретін жоғары активті қалдықтарды кәдеге жарату және сындық гибрид реакторлар құру сияқты инновациялық технологияларды дамыту.
2010-шы жылдан бастап жобаны қаржыландыру болмағанына қарамастан, КТМ қондырғысын физикалық іске қосуға және КТМ кешенін іске қосуға дайындау мерзімдерін қысқарту мақсатында, КТМ Токамагы алаңында ҚР ҰЯО-ның өз қаражаты, сонымен қатар, тиісті ғылыми-техникалық бағдарламалардың бірқатары есебінен іске қосу-бабына келтіру жұмыстары іске асырылып жатқанын атап өту қажет.
2015 жылғы бірінші тоқсанда жобаны алға жылжытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді, КТМ Токамагын салу жөніндегі жұмыстарды аяқтау үшін жобаның ТЭН мен ЖСҚ түзету, жақын және алыс шет елдерден ықтимал демеушілер іздеу жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
Анықтама үшін. ШҚО инновациялар мен жаңа технологиялар жөніндегі кеңес 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысын инновациялық дамытуды үйлестіру және аймақ жаңашылдарын біріктіру мақсатында құрылды. Кеңес – жұмысы Шығыс Қазақстанның инновациялық қызметке қатысушыларының арақатынасын нығайтуға бағытталған консультациялық-кеңесу органы болып табылады және өңірдің инновациялық құрылымының «Алтай» технопаркі, Ядролық технологиялар паркі, Конструкторлық бюро, «Ертiс» ӘКК сияқты объектілерінің қызметін үйлестіреді.
ҚР ҰЯО