2015 жылғы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығында Курчатов қаласының әкімі Н.Ж. Нұрғалиевтің баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясының алдында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Луч» ИКК» ЖШС, «Азот» ӨК қатысуымен көрме өткізілді. Сондай-ақ Курчатов қаласы туралы ақпарат беретін стендтер орнатылды.

Баспасөз конференциясына ҚР ҰЯО бас директоры Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы мен Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Гүлмира Қанағатқызы Қарымбаева да қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында қала әкімі қатысушыларды қалада өткізіліп жатқан, Курчатов қаласының инвестициялық тартымдылығына және қала өмірін жақсартуға бағытталған негізгі іс-шаралар туралы хабардар етті.
Бұдан кейін өткен брифинг барысында республикалық және облыстық БАҚ өкілдері бұрынғы ССП жерлерін шаруашылық айналымына қайтару, «Экспо-2017» көрмесіне ҚР ҰЯО-ның қатысуы, жаңа жұмыс орындарын құру, Курчатов қаласында туризмді дамыту сияқты өздерін қызықтыратын сауалдарын қойды.

ҰЯО  ҚР