2016 жылғы 17-19 мамыр аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығында ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (JAEA) басқару комитетінің атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында кадрлар даярлау жөніндегі 7-ші кеңесі болып өтті.

Жиналыс барысында жапондық тарап Жапонияда дамып келе жатқан елдер үшін өткізілетін келесі бағыттардағы нұсқаушылар даярлау курстарының жұмысы туралы:

- қоршаған ортаның радиоактивтілігін мониторингілеу;

- ядролық және радиологиялық аварияларға дайын болу;

- реакторлық технология;

сондай-ақ:

- АЭС ядролық қауіпсіздігі;

- атом энергетикасында әкімшілік ету;

- мектеп жүйесіндегі радиация бойынша базалық білім;

- АЭС салынатын жерге жақын тұратын халықпен жұмыс істеу және жұртшылықпен байланыс жасау тақырыбында оқыту семинарларын өткізу туралы 2015 жылға арналған есепті ұсынды.

2010-2015 жылдар аралығында Қазақстанның 21 азаматы нұсқаушылар даярлау курсын ойдағыдай аяқтап, 15 азаматтың семинарда оқығандығы атап көрсетілді. Сонымен қатар 2016 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылды.

Өз кезегінде қазақстандық тарап аталған курстардың 2015 жылы Курчатов қаласында өткізілгендігі туралы есеп берді.

Жиналыс аясында Жапония мен Қазақстанда курстар ұйымдастыру туралы бірқатар мәселелерді талқылады және талқылау нәтижесі бойынша «ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (JAEA) басқару комитетінің атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында кадрлар даярлау жөніндегі 7-ші кеңесінің хаттамасы» қабылданып, қол қойылды.

Сондай-ақ ҚР ҰЯО өкілдері жапондық сарапшыларды бейіндік институттардың ғылыми жетістіктерімен таныстырып, олармен бірге Семей сынақ полигонының мұражайын, КТМ токамагын және EAGLE қондырғысын көріп қайтты.

Жиналыстың жабылу салтанатында төраға Владимир Витюк барлық қатысушыларға талқылау кезіндегі белсенділіктері үшін алғыс айтып, Қазақстанда кадрлық әлеуетті дамытуға қолдау көрсеткендігі үшін Жапония үкіметіне ризашылығын білдірді.

Өз тарапынан JAEA кадрлар даярлау орталығының Атом саласында халықаралық кадрлар даярлау секциясының бас менеджері Ёшихиро Накано мырза JAEA өкілдеріне деген қонақжайлығы мен ынтымақтастығы үшін Ұлттық ядролық орталыққа алғысын білдірді. 

ҚР ҰЯО