2015 жылғы 20 қазанда ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э. Ғ. Батырбековтың, ҚР Ұлттық ядролық орталығының ардагерлер ұйымы активінің Қазақстан Республикасының Атом ғылымы, энергетикасы мен өнеркәсібінің ардагерлері ұйымының (бұдан әрі - АҒЭӨА) атқарушы директоры Р. С. Ахметовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында АҒЭӨА қызметінің міндеттері мен бағыттары, салалық кәсіпорынмен арақатынасы, ынтымақтастық нысандары талқыланды.
Ардагерлер ұйымының басты мақсаты – ардагерлердің экономикалық, әлеуметтік, еңбектік және өзге де құқықтарын қорғауға ықпал ету, сонымен қатар, мүмкіндік болса, ардагерлердің өмірлік тәжірибесін атом саласының негізгі міндеттерін шешу үшін пайдалану екендігі аталып өтті.
«Біз ардагерлерді жастарға патриоттық тәрбие беруге тартамыз, жастардың бойына саланың ең жақсы дәстүрлерін сіңіріп, мектептерге қамқорлық көрсетеміз, мұражайлар ашып, салалық кәсіпорынның өміріне белсене араласамыз», - деді Р. С. Ахметов.
Кездесуге қатысушылар ардагерлер ұйымының жұмысы атом саласының алға дамуының маңызды факторы деп ой түйіндеді.
ҚР ҰЯО РМК