8 желтоқсан күні ҚР ҰЯО РМК ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оған ҚР ҰЯО, Геофизикалық зерттеулер институтының қызметкерлері, сондай-ақ онлайн режимде Ядролық физика институтының (Алматы) қызметкерлері қатысты.
Екі жұмыс күні ішінде әртүрлі бағыттардағы бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері қаралып, 30-дан астам баяндамалар тыңдалды.
Мысалы, Александр Вурим шапшаң нейтрондардағы реакторлар қауіпсіздігін негіздеуге арналған зерттеулердің нәтижелері туралы айтты. 2015 жылғы есептік кезеңге қойылған тапсырмалар толық көлемде орындалды. 2016 жылғы жұмыстардың келесі кезеңінде ID-5 эксперименттік құрылғысының физикалық макетін әзірлеп, ИГР реакторында физикалық зерттеулерді даярлау және жүргізу көзделуде.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институты АЭС пайдалану кезінде қоршаған ортаны мониторингілеуді жүргізу әдістемесін әзірлеуде, жұмыстардың нәтижесін Наталья Ларионова ұсынды. 2015 жылы биогеоценоздардың жекелеген компоненттері бойынша радионуклидтердің таралу сипаттамасы талданып, биогеоценоздардың жекелеген компоненттеріндегі радионуклидтер мөлшерінің сандық деректерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді және биогеоценоздардың жекелеген компоненттеріндегі радионуклидтердің арақатынасына баға берілді.
Қазақстандағы отандық атом энергетикасы объектілерінің орналасу аудандарында жер сілкінісінің фокальді тетіктерінің параметрлері негізінде сейсмотектоникалық жағдайларын зерттеу туралы Н. Полешко айтып берді. Зерттеу жүргізу үшін үш зерттеу реакторының (ВВР-К, ИГР, ИВГ-1) 3 географиялық ауданы және Төмен байытылған уран банкі (МАГАТЭ ТБУБ) таңдап алынды. Жұмыстың қорытындысы 2016-2017 жылдары атом саласының таңдап алынған объектілері орналасатын аудандардың сейсмотектоникалық өзгеруін зерттеудің сенімді ақпараттық және бағдарламалық-әдістемелік негіздерін құру болды.
ҒТК отырысы тамаша пікірталас алаңы болды. Отырысқа қатысушылар ССП-дағы, ВВР-К реакторындағы, КТМ токамагындағы және тағы басқа жұмыстардың нәтижелерін ұсынды.
ҚР ҰЯО