ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков Азиядағы атом энергетикасының кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі 6-шы халықаралық кеңеске қатысты.
Кеңестің ұйымдастырушылары Фукуи префектурасының үкіметі мен Вакаса Ван (Жапония) энергетикалық зерттеулер орталығы болды.
Қатысушы-елдер: Индонезия, Иордания, Қазақстан, Литва, Малайзия, Сауд Аравиясы, Шри-Ланка, Тайланд, Түркия, Біріккен Араб Эмираттары, Вьетнам. Сонымен қатар, кеңеске МАГАТЭ өкілдері қатысты.
Үш жұмыс күні ішінде, 2016 жылғы 3 - 5 ақпан аралығында, әлемдегі атом электр станцияларының даму бағыттары, Фукуи префектурасының атом энергетикасының саясаты, ядролық технологиялардың қоғам мен экономиканың дамуындағы үлесі қаралды.
Мемлекеттердің атом энергетикасы бағдарламаларын дамыту проблемалары мен мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды, сонымен қатар атом энергетикасын дамыту мәселелерін түсіндіру жөнінде жұршылықпен жүргізілетін жұмыстың нысандары мен әдістері талқыланды.
Кеңеске қатысушылар үшін Фукуи префектурасының атом энергетикасы объектілеріне техникалық турлар ұйымдастырылды.
ҚР ҰЯО