Жуырда Мәскеу қаласында «АТОМЭКСПО-2016» VIII халықаралық форумы аясында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «Русатом – Международная сеть» жеке мекемесі арасында өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға «Русатом – Международная сеть» ЖМ президенті Александр Мертен мен «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры Эрлан Батырбеков қол қойды.
«Бізді «Росатоммен» ұзақ жылдар бойғы бірлескен зерттеулер біріктіреді, атап айтқанда, Семей ядролық сынақ полигонындағы жаппай қырып-жоятын қару инфрақұрылымын жою, соның ішінде осы қаруды пайдалану қаупі мен сынақ салдарын азайту жұмыстары», - дейді Э. Батырбеков.
Э. Батырбеков айтып кеткендей, ҚР ҰЯО РМК мен «Росатом» сондай-ақ уран мөлшерін азайту жөніндегі бағдарлама шеңберінде зерттеу реакторларының отынын таратпау тұрғысынан алғанда қажетсіз деңгейге дейін араластыру жұмысын жүргізуде.
«Бізде әртүрлі ауқымда, болашақ 4-ші буын реакторларына арналған, Ресей Федерациясының зауыттарында, біздің эксперименттік ядролық базамызда шығарылатын отынды сынауға қатысты жасалып жатқан уағдаластықтарды қоса алғанда, жүргізілетін ғылыми зерттеулер жетерлік», - деп түсіндірді Э. Батырбеков.
«Бұл мәселелер бойынша Ұлттық ядролық орталық оқ бой ы алда десем, артық айтқандық болмас. Біз жапондық, француздық шапшаң реакторларға арналған отынды сынаймыз. Қазіргі уақытта бізбен америкалық өндірушілер хабарласты, ал Ресей Федерациясына келсек, ол біздің тарихи серкітесіміз», - деп ҚР ҰЯО бас директоры еңбек жетістіктерімен бөлісті.
Ресейлік ғалымдардың көмегімен Курчатов қаласында құрылған «КТМ токамагы» жобасының іске асырылу жағдайына түсінік бере отырып, Э. Батырбеков жұмысты 2017 жылы аяқтау көзделіп отыр дегенді жеткізді. Бұл – материалтану саласынағы міндеттерді шешуге арналған әлемдегі жалғыз «токамак» екендігін айта кеткен жөн.
Жобаны аяқтауды Э. Батырбеков Қазақстанда «ЭКСПО-2017 – Болашақтың энергиясы» атты халықаралық көрменің өткізілуімен байланыстырды. «Менің ойымша, болашақтың энергиясы – бұл, дегенмен, термоядролық синтез», - дейді ол.
Бұл ретте Э. Батырбеков жүргізіліп жатқан жұмыстың Елбасы айтқан және «Әлем. ХXІ ғасыр» манифесінде жазылған бейбіт саясатқа саятындығын атап көрсетті.
«Ғылым қосарлы қолданыста болмауы тиіс. Ғылым бейбіт бағытта болуы тиіс», - деп атап көрсетті.
Мемлекетіміздің бейбітшілік сүйгіш саясатын сөзге тиек ете келе, ҚР ҰЯО бас директоры Қазақстан аумағында төмен байытылған уран банкін құру бастамасын атап көрсетті.
«Бұл Қазақстанның, Елбасының және барша қазақ халқының ынтымақшыл саясатының кезекті бір қадамы. Өйткені өз жерінде ядролық отын банкін орналастыра отырып, Қазақстан әлемде атом энергетикасын дамыту тізбегіндегі маңызды тетікке айналмақ», - деді Э. Батырбеков.
Сондай-ақ төмен байытылған уран банкін құру – сыртқы серіктестердің Қазақстанға көрсеткен сенімінің куәсі екендігін атап көрсетті.
«Төмен байытылған уран банкінің Қазақстанда салынуы – бұл ядролық отынмен жұмыс істеуде белгілі бір тәжірибесі бар, сол сияқты әрдайым бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен ядролық қарудың таралмауы үшін күресетін саяси серіктес және ел ретінде бізге артылған үлкен сенім».
Бұл ретте, ол бүгінгі таңда төмен байытылған уран банкін құруға арналған ең оңтайлы орын – барлық қажетті жағдайлары мен инфрақұрылымы бар Үлбі металлургия зауыты екендігін атап көрсетті.
ҚАЗАҚПАРАТ