«Креативті көзқарас! Шығармашылық тәсілдеме! Батыл шешімдер!» – биылғы қатысушыларды Ұлттық атом компаниясының жас мамандарына арналып өткізілген мерейтойлы оныншы Жазғы мектеп-2014 осындай ұранмен қарсы алды.
Биылғы жылы бұл іс-шара тамаша табиғат аясында – Қырғызстандағы Есіккөл көлінің жағасында орналасқан «Ақ-Марал» демалыс орталығында өтті. «Өндірістік әрекеттерді жетілдіруге арналған жаңа білім және басқармалық дағдылар» бағдарламасы бойынша оқудан өту үшін сексеннен астам адам жиналды. Ал Жазғы мектептін ұйымдастырушысы әдеттегідей Қазақ ядролық университеті болды.
Өз білімінің деңгейін көтеру, көшбасшылық қасиетін дамыту және командалық рухқа ие болу үшін үлбіліктердің «тамаша бестігі» аттанды. Оған тантал өндірісінің маркетинг жөніндегі менеджері Виктор Кузнецов, бериллий өндірісінің АСУТП жөніндегі инженері Ринат Кудабаев және ОҒЗЗ профильді зертханасының үш өкілі инженер-зерттеуші Тимур Алдажаров (уран зертханасы), металлургия тобының жетекшісі Сергей Ударцев (бериллий зертханасы) және осы жолдардың авторы тантал зхертханасынан Ирина Шарабко кірді.
Жазғы мектеп «Визитка» конкурсының форматында дәстүрлі команданы таныстырумен басталды. Жастардың екі талантты ұжымы таныстырудың жеңімпазы болды. Бірінші «Қаратау» ЖШС, ал екінші болып «Аппақ» ЖШС мен «ДП Орталық» ЖШС шығармашылық дуэті өз ұжымдарын таныстырды. Біздің «ҮМЗ-де кел үйленейік» КВН-көрінісіміз де үлбіліктердің кәсібилігі мен актерлік шеберліктерін атап өткен әділ қазылардың жоғары бағасын алды.

Жеңіс туына ие болу мүмкіндігі біздің командағы келесі кезеңде – инновациялық және зерттеушілік ұсыныстар мен жобалар конкурсында тиді. Сегіз қатысушы арасында біздің интеллектуалдық бестіктің жұмысы айырықша мазмұндылығымен және ұтымды таныстыруымен ерекшеленді және кейін білгеніміздей лайықты оған жоғары баға берілді. Нәтижесі – үш жүлделі орын үшін медальдар жиынтығы және екі Құрмет грамотасы! Тамаша командалық есеп және зауыттың 65 жылдығына қомақты сыйлық!
Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысын Виктора Кузнецов пен Михаил Семенц сынды креативті танталшылардың «RRR өткізгіштігі артық сұрыпты тазалығы жоғары ниобий өндірісі» тақырыбындағы жобасы иеленді. Екінші дәрежелі дипломды және ОҒЗЗ тантал зертханасының жетекші инженері Людмила Мариянина ұсынған калий фтортанталын қайтакристалдау процесін жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысы алды. Конкурстың қола жүлдесі «Карботермикалық тәсілмен мыс-бериллий лигатурасы өндірісінде қолданылатын қиыршық алу технологиясын жетілдіру» зерттеуінің авторы Сергей Ударцев пен бериллий өндірісінің технологы Александр Чепигаға тапсырылды. Тимур Алдажаров уран диоксиді пресс-ұнтағының технологиясын жетілдіру бойынша, ал Ринат Кудабаев – бериллийқұрамдас материалдардың қозғаласын есепке алатын ақпараттық жүйені әзірлеу бойынша жұмысты ұсынды. Бұл екі жұмыс та болашағы зор деп танылып, Құрмет грамоталарымен аталып өтілді.

Басқару қызметі саласындағы кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған тренинг бағдарламасы бойынша тікелей оқыту көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Қатысушылардың барлығына әр келкілікпен және батыл ұрандармен ерекшеленген алдын-ала қалыптастырылған өз командаларының көшбасшысы ролін табысты орындаудың сәтті түсті. Жасыл «Эко-кірпілер», буырқанған «Көк толқын», креатив ұшқындаған «Комета», зияткерлігімен озық шыққан «Қара найзағай», эксклюзивті қызыл «Мурано», «Сарылар» – бұлардың әрқайсысы болашақ ұрпақтың энергиясын бейнеледі!

«Көк толқын» командасына кірген осы мақаланың авторы ең ұтымды деп танылса, ал оның қатысушылары құнды сыйлықтар мен ауыспалы кубок алды. «Эко-кірпілердің» көшбасшысы – ұйымдастырушылық қабілеті команданы бірнеше мәрте жеңіске жетелеген капитан Ринат Кудабаевты қазылар жоғары бағалады және «Жазғы мектеп – 2014 белсендісі» мәртебесіне лайық деп таныды. Мұхтар Бекжанов пен оның кәсіби көмекшілерінің «Көкжиек» жеке және бизнес-психология орталығы ұйымдастырған тренинг сапасының өте жоғары болғанын атап өту қажет. Пайдалы материалды дұрыс жүйелеу, қызықты оқыту материалдары, командадағы жұмысқа қанағаттану – біз бір апталық тәжірибемізді толықтырған білімнің тек аз ғана бөлігі.

Біздің жаттықтырушымыз айтқандай барлығымыз «рахат сезімін» бастан өткіздік! Біз бұл сезімді есте сақтаймыз. Ал кешке бос уақытта Жазғы мектеп қатысушылары «Мафия» танымал ұжымдық ойынға қатыса отырып, өздері жинақтаған басқару және көшбасшылық дағдыларын қолданды. Ал енді біреулер отельдің жарық холындағы жайлы креслоларға жайғасып, skype-конференция көмегімен өз отбасыларымен хабарласты.
Аймақтың бай көгалдануы, заманауй дизайні, сервистің жоғары деңгейі және «Ақ-Марал» отелінің дәмді тамағы әлемнің ең таза да әсем көлдерінің бірінің жағасындағы жағымды сезімдеріміздің тізімін толықтырды. Бұл іс-шара біздің зауытымыз бен «Казатомпром» компаниясының болашағын құрып жатқан креативті және батыл жастардың жаңа инновациялық идеяларын дамытуға бағытталған үздік марапат және сенімді мотивация!


«ҮМЗ-ақпарат»