2016 жылғы 26 мамырда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі делегациясының «Курчатов институты» ҒЗО басшылығымен және жетекші мамандарымен кездесуі болып өтті, мұнда атом ғылымы мен техникасы саласындағы келешек ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстандық делегация заманауи ғылым мен технологиялардың кең ауқымды бағыттары бойынша зерттеулер жүргізілетін Токамак Т-2 термоядролық қондырғысын, КИСИ мамандандырылған синхронды сәулелелендіру көзі кешенін, Ф-1 зерттеу реакторын аралады.
Негізгі қызмет бағыттары, әлемдегі атом өнеркәсібі мен энергетикасының даму беталысы, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы атом саласының негізгі даму беталысы туралы ақпаратпен алмасты. «Курчатов институты» ҒЗО басшылығы елдегі білімнің әртүрлі бағыттарын конвергенциялау қағидасына негізделетін ғылым мен технологияны, білімді дамыту тәсілдеріндегі, синергетикалық тәсілдегі және білім мен технологияның барлық салаларында табиғиға ұқсас технологияларды дамытуға ерекше мән берудегі жаңа беталыстарды айрықша атап көрсетті.
ҚР Энергетика министрлігінің делегациясы ҚР ҰЯО РМК және ЯФИ РМК қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі ақпараттан басқа, Қазақстанда АЭС салу жобасын іске асыруға қатысты дайындық жұмыстары туралы ақпаратты ұсынды.
«Курчатов институты» ҒЗО басшылығымен кездесу барысында тараптар үшін өзара қызығушылық туғызатын келешек міндеттер атап көрсетілді және бұған қатысты тараптар оларды тезірек шешіп, іске асыру үшін барынша күш жұмсауға уағдаласты.
Басшылардың пікір алмасуы барысында «Курчатов институты» ҒЗО президенті Қазақстанның Халықаралық ғылыми мегажобаларға қосылуына мүдделі екендігін білдірді, бұл жобаларға «Курчатов институты» ҒЗО Ресей Федерациясының Үкіметі атынан қатысып, ғылыми басшылық жүргізеді.
ҚР ҰЯО РМК