Конференция-конкурсқа ҚР Ұлттық ядролық орталығының, Геофизикалық зерттеулер зерттеулер институтының, Ядролық физика институтының, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері қатысты.
Конкурс ғылыми ақпаратпен алмасуды кеңейту, ғылыми пікірталас жүргізу және нәтижесін жеткізу дағдысын қалыптастыру, жас мамандардың кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілетін дамыту, атом ғылымы мен техникасының өзекті проблемалары бойынша теориялық және практикалық білім деңгейін арттыру жолымен жас ғалымдар мен мамандар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді.
2016 жылы конференция-конкурс өзінің 15 жылдығын атап өтті. Биылғы мерекелік жылы конференцияға алғаш рет ең көп конкурстық жұмыс ұсынылды. Барлығы 70 өтінім түссе, оның 3-і – ЯФИ, 13-і – ГЗИ, 21-і – АЭИ, 21-і – РҚЭИ-дан, ал конкурстан тыс жұмыстар саны – 7 (3 – іргелі, 51 – қолданбалы, 16 – инженерлік-техникалық).
Жеңімпаздарға әділ қазылар алқасы баға берді. Жеңімпаздарды анықтау өзектілігі, практикалық маңыздылығы (жұмыста баяндалған проблема үшін маңыздылығы), ғылыми, инженерлік деңгейі, нәтижелердің жаңашылдығы, жұмыстың аяқталу деңгейі, конкурсқа қатысушының жеке үлесі, материалды баяндау стилі мен игеру деңгейі бойынша әрқайсысын 5 балдық жүйе бойынша бағалау арқылы жүргізілді.
Конкурс қорытындысының нәтижесі:
I орын
Зәуірбекова Жанна Асхатқызы, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының арна ішілік сынақтар зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «Реакторлық сәулелендіру жағдайында литий кпс-тен тритийдің генерациялану және бөліну параметрлерін анықтау» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер)
II орын
1.Байғазинов Жанат Әбілқанұлы, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының эпидемиологиялық және биодозиметрлік зерттеулер тобының бастығы, «Ақмола облысы Есіл ауданы тұрғындарының қанындағы карбоксигемоглобинді (СOHb) зерттеу» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
2.Иданова Диана Серікқызы, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелендіруші құрылғылардың жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының инженері, «Бөлінгіш заттарды жоғары өндіретін аз қуатты жылу реакторы» атты жұмысы үшін (инженерлік-техникалық бағыт)
III орын
1.Мережко Михаил Сергеевич, «Ядролық физика институты» РМК радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «Орауыштың құрылымы мен ақаулық энергиясының AISI 304 типті реакторлық аустениттік болаттардың механикалық қасиеттері мен коррозиялық төзімділігіне әсері» атты жұмысы үшін (іргелі зерттеулер);
2.Мұқамбаев Айдын Серікұлы, Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының (АСАЖӨО) кіші ғылыми қызметкері, «Қазақстан аумағындағы тарихи күшті жер сілкіністерін (асаптарға дейінгі) зерделеу» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
3.Кривицкий Павел Евгеньевич, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының далалық радиоэкологиялық зерттеулер тобының инженері, «Семей сынақ полигонының «Тәжірибе алаңындағы» техногендік объектілердің ластану сипаты» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер).
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Түрлі номинацияларда грамоталар мен көтермелеу жүлделері берілді:
«Үздік безендірілген жұмыс үшін»
Витюк Галина Анатольевна, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелендіруші құрылғылардың жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының инженері, «MYRRHA реакторы отынын сынаудың жылу-гидравликалық параметрлерін есептеу» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
«Соны жұмыс»
Келлер Оксана Николаевна, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының спектрометрлік зерттеулер тобының инженері, «ССП топырағының сынамаларын дайындау схемасын таңдаудың талдамалық зерттеулер нәтижесіне әсері» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
«Үздік оратор»
Өзбекову Абылай Нұрсәрсенұлы, Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының (АСАЖӨО) кіші ғылыми қызметкері, «Соңғы жылдардағы ошақтардың тетіктерін зерделеу нәтижелері бойынша ЯФИ ВВР-К атомдық зерттеу реакторы алаңы ауданындағы сейсмотектоникалық жағдайдың өзгеруі» атты жұмысы үшін;
«Белсенді қатысушы»
Құндызбаева Әсия Еркебекқызы, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының физика-химиялық зерттеулер тобының инженері, «ССП топырағындағы жасанды радионуклидтердің болу түрлері» атты жұмысы үшін.
Бұған қоса, бөлімшелердің атынан көтермелеу ретінде ең көп ұнаған жұмыстары үшін конкурсқа қатысушылар мен олардың жетекшілеріне көптеген жүлделер мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шараға қатысушылар жас мамандар мен ғалымдарға арналған конкурстың олар үшін ғылыми даму жолындағы тамаша бастама болғандығын атап көрсетті. Бүгінгі таңда алғашқы жылдардағы конкурсқа қатысушылар зертханалар мен бөлімдерді басқарып, ғылыми бағытта басшылық жүргізуде, олардың басым бөлігі ғылым кандидаты, PhD дәрежесіне ие болған.
ҚР ҰЯО РМК