Бүгін Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кезекті XVІ Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында компанияның әкімшілік мәселелері жөніндегі бас директоры Қайрат Әбсаттаров қатысушылар мен жанкүйерлерді корпоративті іс-шараның сәтті аяқталуымен құттықтап сөз сөйледі.
«Өткен 5 күн ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін қызыққа толы болды. Спортшыларға сәнді ойын көрсетіп, спорт алаңдарын жандырғаны үшін шексіз алғыс айтамын. Біздің Спартакиадада жеңілгендер жоқ деген сенімдемін. Себебі, атомшылардың бас спорттық додасына келіп қатысқандардың барлығы жеңімпаз!», - деп атап өтті Қайрат Әбсаттаров.
Биыл дәстүрлі спорттық шараға Холдинг кәсіпорындарынан келген 800 астам қызметкер қатысты. «А» және «В» топтарына бөлінген 22 команда 7 спорт түрі бойынша додаға түсіп, мықтыларды анықтады.
«А» тобында жалпыкомандалық 1-орын мен чемпион атағын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қанжығасына байласа, екінші орынға «Қаратау» ЖШС спортшылары жайғасты, 3-орын «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС спортшыларына бұйырды.
«В» тобында алтын медаль әкелген жалпыкомандалық 1-орын «ҮМЗ» АҚ тиесілі болса, екінші орын мен күміс медальді «Әппақ» ЖШС, 3-орын мен қола медальді «Инкай» БК» ЖШС өзара бөлісті.
Салтанатты іс-шара хас шеберлігін танытқан үздік спортшылар мен командаларды марапаттау рәсімімен аяқталды. Спорттық сайыстар жеңімпаздарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның XVІ Спартакиадасының кубоктары мен медальдарі табыс етілді.
http://www.kazatomprom.kz/ru/photo
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ