2015 жылғы 11 маусым күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) Басқарушылар кеңесі «Кепілдендірілген жеткізілулерді қамтамасыз ету. Төмен байытылған уранды (ТБУ) мүше мемлекеттерге жеткізу үшін МАГАТЭ ТБУ банкін құру» күн тәртібінің мәселесін қарастырды.

Қарастыру нәтижесінде Басқарушылар кеңесі бірауыздан ТБУ банкін құру туралы келісімнің жобасын мақұлдап, Агенттіктің бас директорына Қазақстанмен келісім жасасуға өкілеттілік берді.

Басқарушылар кеңесі отырысының ашылуында сөз сөйлеген МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано ТБУ банкін құрудың маңыздылығына тоқталып, бұл бастама МАГАТЭ мүше мемлекеттері ғаламдық коммерциялық нарықта отын алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда банк отынын пайдалануға мүмкіндік береді. Оның пікірінше, Банк құру туралы келісімге қол қою – бұл жобаның жаңа деңгейге шықты және практикалық іске асыру фазасына айнауда.

Күн тәртібінің аталған тармағын талқыға салу Басқарушылар кеңесі тарапынан қолдауға ие екенін көрсетті. Ядролық отынды кепілдендірілген түрде жеткізу халықаралық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттердің оны алуына деген сенімін арттыру маңыздылығы аталып өтілді. Конструктивті ынтымақтастық пен банк құруға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанға алғыс білдірілді. Сонымен қатар, біздің еліміздің әлем бойынша уран өндіруден көшбасшы екеніміз, ядролық салада қажетті тәжірибеге ие екендігіміз бен тиісті жоғары кәсіби мамандардың бар болуына ерекше назар аударылды.

Делегациялар ТБУ банкіне МАГАТЭ ядролық қауіпсіздігінің жоғары деңгейдегі стандарты қолданылатыны қанағаттандырыла атады. Көптеген делегаттар Қазақстанның ядролық таратпау және ғаламдық қарусыздану саласында қосқан елеулі үлесі мен рөлін айтып өтті.

Басқарушылар кеңесінің отырысында сөз сөйлеген ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстанда ТБУ банкін құру бірегей оқиға және Агенттіктің тарихында мұндай болған емес деп атап өтті. МАГАТЭ аясында төмен байытылған уранның халықаралық қорын құру мүше мемлекеттерге олардың МАГАТЭ Жарлығы мен Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім ережелерін бұзбастан, жеке бейбіт ядролық-энергетикалық бағдарламаларын дамытуға деген егеменді құқықтарына қысым жасалмастан ядролық отынға кепілдендіріген қолжетімділікке мүмкіндік береді.

Қазақстан мен МАГАТЭ арасында ТБУ банкін құру туралы келісімге алдын-ала болжам бойынша 2015 жылғы тамыз айының соңында қол қойылады деп күтілуде. Бұл күн Қазақстан үшін ерекше символдық маңызы бар. 1991 жылы дәл осы 29 тамыз күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны мәңгіге жабылған болатын. Қазақстан бастамасымен БҰҰ 29 тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күні деп жариялады.

Аталмыш отырыс шеңберінде Басқарушылар кеңесі санымен қоса МАГАТЭ мен Ресей Федерациясы арасында транзит жөніндегі келісім жобасын мақұлдады. Оның негізгі мақсаты Қазақстандағы МАГАТЭ ТБУ банкіне және МАГАТЭ ТБУ банкінен мүше мемлекеттерге төмен байытылған уранды тасымалдауға мүмкіндік алу.

МАГАТЭ бас директоры Ю. Аманоның ойынша, келісімге қол қойылғаннан кейін МАГАТЭ ТБУ банкін құру мен ашуға шамамен екі жыл уақыт керек.

 

 mfa.gov.kz