2016 жылғы 27 мамырда Мәскеу қаласында ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ.Батырбеков бастаған ҚР Энергетика министрлігі делегациясының Н.А.Доллежаль атындағы «ЭТҒЗКИ» АҚ басшылығымен және жетекші мамандарымен кездесуі өтті. Кездесуде бас конструкторы ЭТҒЗКИ болып табылатын твэлдердің және БРЕСТ, БН-1200 типтес реакторлар ЖБЖ-ларының жылу техникалық сенімділігін негіздеу бойынша жұмыстар жүргізу кезіндегі перспективалық ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесуде тараптар «ЭТҒЗКИ» АҚ және ҚР ҰЯО РМК қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпаратпен алмасты. «ЭТҒЗКИ» АҚ мен ҚР ҰЯО РМК терең тарихи тамырлар арқылы байланысып жатқандығы атап өтілді. «ЭТҒЗКИ» АҚ ИВГ.1, ИВГ.1М және ИГР реакторлық қондырғылардың бас конструкторы, ядролық зымыран қозғалтқыштарын жасаудың ғарыштық бағдарламасын әзірлеушілер мен орындаушылардың бірі болып табылады. Олардың элементтерін сынау қазіргі уақытта ҚР ҰЯО РМК-ге тиесілі «Луч» ҒӨБ бірлескен экспедициясының стендтік базасында жасалды. «ЭТҒЗКИ» АҚ энергетикалық реакторлар твэлдерінің жылу техникалық сенімділігін негіздеу жөніндегі жұмыстарға, сондай-ақ реакторлық отынға түсетін табалдырықтық бұзушы жүктемені анықтау жөніндегі эксперименттерге қатысушылардың бірі болды. Өткен жылдардағы жұмыстардың ішінде БН-800 шапшаң реакторы отынын (натрийлі жылу тасығыш) сынау және балқытылған қорғасындағы перспективалық мононитридті (UN) тығыздығы жоғары отынды сынау жұмыстарын ерекше атауға болады.
ҚР Энергетика министрлігінің делегациясы «ЭТҒЗКИ» АҚ басшылығын ядролық реакторлардың отынына зерттеу жүргізуге арналған өздерінің техникалық және әдістемелік озық тәсілдері туралы хабардар етті. Мұның арқасында ҚР ҰЯО РМК эксперименттік отынның балқуға дейін бұзылуымен ілесе жүретін реактор ішілік эксперименттер жүргізу технологиясының иесі ретінде әлемге танылып отыр. Мысал ретінде EAGLE, Fukushima Debris, CORMIT, SAIGA және басқа да жобалардың негізгі уәждемелері, мақсаттары мен нәтижелері қысқаша айтылды.
ҚР Энергетика министрлігінің делегациясы ядролық энергетика қауіпсіздігін негіздеу жұмыстарына (ядролық реакторлар отынын сынау) қатысты қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттан басқа, Қазақстанда АЭС салу жобасын іске асыруға қатысты дайындық жұмыстары туралы ақпаратты ұсынды.
Кездесудің негізгі тақырыбын талқылау барысында «ЭТҒЗКИ» АҚ басшылығы қорғасынды жылу тасығышты шапшаң нейтрондардағы БРЕСТ перспективалық реакторы отынына түсетін табалдырықтық бұзушы жүктемені анықтау бойынша ішкі реакторлық эксперименттерді жүргізуге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Жаднама жазбаға қол қойылды, бұл жазбаға сәйкес Тараптар бір айдың ішінде бағдарламаны әзірлеуге және оның негізінде 2016 жылғы қазан айына дейін ҚР ҰЯО РМК эксперименттік базасын пайдалана отырып ядролық техника қауіпсіздігін зерттеу (ядролық отынның жаңа түрлерін сынау) саласындағы ынтымақтастық туралы ҚР ҰЯО және «ЭТҒЗКИ» АҚ арасындағы Келісімге қол қоюға уағдаласты.
Анықтама үшін. БРЕСТ – қазіргі уақытта Ресейде әзірленіп жатқан қорғасынды жылу тасығышты, турбинаға жылу беретін екі контурлы схемасы бар және будың сындық параметрлері бар шапшаң нейтрондардағы реакторлар жобасы.
Қазіргі уақытта әзірлеушілер өз күш-жігерлерін БРЕСТ-ОД-300 реактор қондырғысына («тәжірибелік көрсету») жұмылдыруда, мұнда көптеген жаңа конструктивтік шешімдерді пысықтау қажет болады. Таңдап алынған 300 МВт (эл.) және 700 МВт (жылу) қуаты активті аймақта бір бірлікке тең отын өндіру коэффициентін алу үшін қажет ең төменгі қуат болып табылады.
Қазіргі уақытта Росатом өкілдері БРЕСТ жобасын «шапшаң нейтрондардағы үлкен қуатты реакторларды, тұйық ядролық отын циклінің технологияларын, сондай-ақ отын мен материалдардың жаңа түрлерін әзірлеу жөніндегі жобаларды шоғырландыратын және ядролық энергетиканың жаңа сапасына қол жеткізуге бағытталған «Прорыв» жобасының құрамдас бөлігі ретінде қарайды.
БРЕСТ жобасында оның әзірлеушілері «станция жанындағы отын циклін» құруды жоспарлауда, олардың ойынша бұл ядролық отынды пайдалану циклін тұйықтап, радиоактивті қалдықтар мәселесін және ядролық қаруды таратпаудың аса маңызды халықаралық мәселесін шешуі тиіс.
2010 жылы РФ Үкіметі «2010-2015 жылдар кезеңіне және 2020 жылға дейінгі перспективаға арналған жаңа буынның ядролық энерготехнологиялары» федералдық нысаналы бағдарламасын бекітті. Онда жабық отын циклін құруға және шапшаң нейтрондардағы коммерциялық реактор жобасын іске асыруға арналған курс жарияланды. Осыған байланысты бағдарламада қорғасынды, натрийлі және қорғасынды-висмутты жылу тасығышы бар шапшаң нейтрондардағы реакторлар жобасын әзірлеу көзделген, бұл БРЕСТ жобасын жүзеге асыруға бастайды. Дегенмен, бағдарламаға бұдан басқа БН-1200 (натрийлі жылу тасығыш) және СВБР (қорғасынды-висмутты жылу тасығыш) инновациялық жобалары қатысатынын айта кету керек.
БРЕСТ реакторының ерекшелігіне твэлдердің конструкциясын жатқызу қажет. Отын ретінде уран-плутонийдің және минорлы актиноидтердің мононитридті композициясы пайдаланылады. Реактор бір кампанияда 80 кг-ға дейін «өзінің», сондай-ақ басқа АЭС-тердің сәулеленген ядролық отынынан алынған актиноидтерді «жағуға» қабілетті.
Әзірлеушілердің пайымдауы бойынша қорғасынды жылу тасығыштың, мононитридті отынның табиғи қасиеттерінің, шапшаң реактордың физикалық сипаттамаларының, активті аймақ пен салқындату контурларының конструкторлық шешімдерінің үйлесуі БРЕСТ реакторын қауіпсіздіктің сапалы жаңа деңгейіне шығарады және аса ауыр апаттарда авариялық қорғаудың активті құралдарының іске қосылуынсыз олардың тұрақтылығын (ядролық қауіпсіздігін) қамтамасыз етеді.
Мононитридті отын салыстырмалы түрде төмен температураларда жұмыс істейді, (балқу температурасы 3100К болған кезде ең жоғарғы температура 1150К кем) , бұл радиациялық ісінудің аз шамасын (шамамен отын жануының 1%-на 1%) және газ өнімдерінің бөлініп шығуын (пайда болғандардың 10%-нан кем) қамтамасыз етуі тиіс. Осылайша 2МПа-дан кем артық газ қысымымен кампанияның соңында ғана жүктелетін твэлдердің қабықшасына отынның түйісу әсері болмауы тиіс.
ҚР ҰЯО РМК