2014 жылғы 29 тамызда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында халықаралық қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустардың өкілдері мен журналистердің қатысуымен «Бейбіт мақсаттағы бейбіт атом» атты тақырыпта «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Атап айтқанда дөңгелек үстел отырысына МАГАТЭ Бас директорының стратегия жөніндегі көмекшісі Зеф Мади, «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Ямаеси Комизо, Хиросимадағы атом бомбасы құрбандарының қауымдастығы басшысының орынбасары Мимаки Тошиюки, Ядролық қаруға қарсы әлемдік әйелдер қауымдастығы делегациясының өкілі Урсула Гелис (Норвегия), Қазақстан Республикасындағы АҚШ істері бойынша уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей, Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Пэк Чу Хен, Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лэ Юйчен, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі А.И. Ничкасов, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гидо Херц, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаеси, Украинаның Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді Елшісі Ю.С. Лазебник және тағы басқалары қатысты.Қазақстан Республикасы Энергетикасының вице-министрі Б.М. Жақсалиев «Ядролық қарусыздандыру – жаһандық қауіпсіздік кепілі» атты баяндамасын оқыды. Сонымен қатар ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, профессор М.Қ. Сқақовтың Қазақстан Республикасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану перспективалары туралы баяндамасы және Невада штатының өкілі Бонни Кейдің АҚШ-тағы «Невада-Семей» қозғалысының қызметі туралы хабарламасы тыңдалды.
Nnc.kz