«Біз,Хиросима жастары, 20 мыңға жуық ядролық зарядтардың жер жүзіне кауіп төндіріп тұрғанынан әбігерленіп отырмыз. Біз Сізден және басқа мемлекет елбасшыларынан  осы қауіпті жоюға көмек сұраймыз. Осы жолдап отырған хатпен бірге  сізге өз қолымызбен жасаған 1000 қағаз тырналарын сыйлаймыз, әрбіреуі жеріміз бейбіт және ядролық қарусыз туралы ұранымыз." - деп Хиросима жастарының хатында жазылған. "Қазақстан Президенті жауабында хат жазғандарды және басқа ақ ниетті адамдарды "АТОМ" жобасын қолдауды және әлеміміз ядролық қарусыз болуына басты міндет етуге ұсынды."  - деді баспасөз қызметі. "АТОМ" деген жобаның атауы ағылшын тіліндегі - Abolish Testing Our Mission (Сынақтарды тоқтату -  біздің міндетіміз) деген сөздердің бас әріптерінен құралған. Осы жоба 2012 жылдың 29 тамызында "Бүкіл әлемдік ядролық қарудан бас тарту" күні басталды. Бұл жоба элем үкіметтерін ядролық қарудан бас тартуға шақыратын онлайн-петиция түрінде іске асырылады.

 

http://newskaz.ru/society/20120911/3918870.html