Қол қою рәсіміне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев, CGNPC президенті Жанг Шанминь (Zhang Shanmin), «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы Юрий Шахворостов және CGNPC-URC компаниясының Бас Менеджерінің орынбасары Цай Юшенг мырза қатысты.

Құжаттар «Үлбі металлургия зауыты» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны) мен CGNPC-URC (CGNPC еншілес кәсіпорыны) компаниялары арасында бекітілді.

Екі тарап 2016-2018 жылдары аралығында 180 тонна U отын таблеткаларын шығару ауқымы, мерзімі мен жеткізу тәртібін айқындап, қазақстандық отын таблеткаларының 2024 жылға дейінгі жеткізілу жоспарлары мен сатып алу ауқымдары туралы келісті.

Аталған келіссөздер «Үлбі металлургия зауыты» АҚ әрекеттегі өндірістік қуаттылықтарын орта мерзімді перспективада жүктеуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсан айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен CGNPC компаниялары арасында қуаттылығы жылына 200 тонна құрайтын, қытайлық АЭС-терге арналған ЖБҚ шығаратын зауыт құру туралы келісімге қол қойылған болатын. Зауыттың іске қосылуы және алғашқы өнімнің шығарылуы 2019 жылға межеленген.
 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ