Нью-Йоркте БҰҰ қызметімен таныстыру жөніндегі комитет «Білім беру арқылы қауіпсіздікті колдау» тақырыбындағы конференцияда БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы АТОМ жобасын ұсынды.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады. Делегаттар Қазақстандағы кеңестік ядролық сынақтардың қайғылы тарихымен, ядролық қарусыздану үрдісіне еліміздің қосқан үлесімен, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимін күшейтуге және ғаламдық ядролық қарусыздану саласындағы елеулі прогресске жетуге бағытталған дәйекті қадамдарымызбен танысты. Конференция барысында қатысушылары әлем үкіметтеріне арналған Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне қол жеткізу және ядролық қарудан азат әлемге жетуге бағытталған жаңа маңызды қадам жасау үндеуін бекіткен АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойды.
ҚазАқпарат