Обнинск қаласындағы (Ресей Федерациясы) «Тайфун» ҒӨБ-де Чернобыль АЭС-те болған апаттың 30 жылдығына арналған «Ядролық жарылыстар мен апаттардан кейінгі радиоактивтілік: салдары және жеңу жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
ҚР ҰЯО РМК атынан конференцияға зертхана бастығы Альмира Айдарханова қатысып, «Радиациялық әсерге ұшыраған аумақтардағы қоршаған ортаны мониторингілеу» бағыты бойынша «Бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағының су объектілерінің радионуклидтік ластануын бағалау» тақырыбындағы ауызша баяндамасын ұсынды.
Конференция ғалымдарға өз елдерінде радиациялық мониторингті ұйымдастыру мен дамытудағы тәжірибелерімен алмасуға, ядролық жарылыстар мен және апаттардан кейінгі, оның ішінде ССП аумағы, Чернобыль АЭС және «Фукусима-1» АЭС-індегі апаттардан кейінгі радиоактивті ластануды бақылау нәтижелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Беларусь және Қазақстан делегацияларының мүшелері үшін қазіргі уақытта пайдаланудан шығарылған әлемдегі алғашқы АЭС мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
ҚР ҰЯО