«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, CGNPC Uranium Resources Co.Ltd. және «Үлбі-ЖБҚ» арасында отын жобасын жүзеге асыру қағидалары туралы Келісімге қол қойылды.

Осы Келісімнің мақсаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ және CGNPC Co.Ltd., CGNPC-URC Co.Ltd., CGN Mining Co.Ltd Кытай компаниялары араларында ертеректе қол қойылған Қазақстанда жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) өндірісі бойынша зауытты жобалау және құрылысы бойынша және Қазақстанда уран кен орындарын бірге өңдеу бойынша коммерциялық Келісімді нығайту және орындау болып табылады.

Отын жобасын жүзеге асыру қағидалары туралы Келісім ЖБҚ сатып алу және жеткізу, отын таблеткаларын дайындау және сату, конверсия және байыту қызметтерін сатып алу және басқа сияқты мәселелерде тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қарастырады.
Аталмыш Келісім жылу бөлетін құрамалар өндірісі бойынша зауыттың құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыруда кезекті маңызды кезең болды.
Жылу бөлетін құрамалар өндірісі бойынша зауыттың құрылысы – АЭС үшін отынды дайындаудың толық циклімен тік интегралды компания құруға бағытталған, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиясы аясында Үлбі металлургиялық зауыты базасында жүзеге асырылатын жобалардың бірі.

Жылу бөлетін құрамалар өндірісінің базалық технологиясы негізінде ЖБҚ өндірісінде әлемдік көшбасшы болып табылатын, AREVA компаниясының технологиясы таңдалды.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде «ҮМЗ» АҚ жылына 200 тонна ядролық отын қуатымен толық автоматтандырылған, заманауи өндіріс құрылатын болады, сондай-ақ 129 қосымша жұмыс орны құрылады.
ЖБҚ өндірісін іске қосу 2020 жылға жоспарланған. Инвестициялар сомасы 48 миллиард теңгеден асатын болады.
 

«ҮМЗ» АҚ