Ағымдағы жылдың наурыз айында КТМ токамагын физикалық іске қосуға дайындық жөніндегі жұмыстардың бірлескен бағдарламасын іске асыру аясында ҚР Ұлттық ядролық орталығына ресейлік «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының мамандары келіп қайтты.

Сапар барысында ҚР ҰЯО басшылығымен, сондай-ақ КТМ токамагы мамандарымен кездесу өтті. Кездесуде КТМ токамагы кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі айтылып, КТМ-ды физикалық іске қосуға бірлескен дайындық мәселелері мен жоспарлары талқыланды.

Ресейлік мамандар Т15-М токамагын жаңғырту жөніндегі істердің жағдайы туралы баяндама жасады.

Сапар аясында ресейлік мамандар КТМ эксперименттік кешенінің жай-күйіне, физикалық іске қосуға жүйелердің дайындық дәрежесіне сараптамалық бағалау жасады. Жүйелерді дайындау және баптау тәжірибелерімен алмасып, әрі қарайғы өзара іс-қимыл жүргізу жоспарларын белгіледі.

Жиналыс қорытындысы бойынша ұсыныстар тізбесі мен физикалық іске қосуға дайындау үшін қажетті жұмыстар көрсетілген хаттама жасалды.

Жалпы алғанда, ресейлік мамандар негізгі жүйелерді монтаждау мен баптау аяқталғаннан кейін жоспарланған мерзімде физикалық іске қосуға КТМ токамагы кешенінің дайындығы жоғары дәрежеде екендігін атап өтті.
 

ҚР ҰЯО